Түркіменстандық 700 студентке ерекше қамқорлық болады – Е. Әмірбекұлы

422

Ағымдағы жылдың қазан айынан бастап Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры қызметіне кіріскен Ержан Әмірбекұлы университет студенттерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында университеттің ақсап жатқан тұстары талқыланып, алдағы оқу жылында білім ордасында болатын оң өзгерістер аталды. Студенттер тарапынан айтылған сұранымдар қатарында тәжірибе жинақтайтын орындардың қатары көбеюін, яғни тек балабақша мен мектептер ғана емес, мамандыққа сай өзге де мекемелермен келісім шартқа отыру.  Оқу ордасының қауіпсіздігі үшін бейне бақылау камераларын орнату мен университет аясындағы жедел қызмет көрсету медициналық орталықтарының әр ғимаратта ашылуын қамтамасыз ету мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар университетке қарасты 460 адамға арналған жатаханадағы орын  барша мұқтаж студенттерге жетпейтіні де айтылды.

Бұл орайда ректор алдағы уақытта жатаханаға арналған жаңа ғимараттар соғып, туындап отырған мәселені шешетінін атап айтты. Студенттік асхананың қызмет көрсету деңгейі көтеріліп,  студенттерге ұсынылатын тағамдардың ассортиментті де өзгеріске ұшырайды. Әр ғимаратқа қарасты кітапханалардың да кеңейіп, студенттердің сабақтан тыс дәріске дайындалатын орны ретінде қалыптастыру да жоспарда бар. Бұдан бөлек студенттерге арналған демалыс аймақтары мен спорттық хауыз ашу да көзделіп отыр. Студенттермен тең деңгейде, еркін сұхбаттасқан Ержан Әмірбекұлы жастардың  алдыға қойған мақсат мұраттарына жетудің жолдарын саралап, олармен өз тәжірибиесімен бөлісті. Түркіменстан мемлекетінен келген 700 студентке ерекше қамқорлық болатынын ректор атап айтты.

tarmpu.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.