Сотталғандармен психологиялық жұмыс жүргізілді

117

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №25 мекемесінде сотталғандар арасында әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмысы бөлімінің психологиялық қызметі тобы, психолог мамандары тұрақты түрде психологиялық тренингтік іс-шараларын өткізіп отырады.

Аталған шаралар аясында мекемеде жазасын өтеп жатқан азаматтарға психологиялық-рухани қолдау көрсету мен бойындағы ауыртпашылықтан арылту мақсатында ойын-сауық және метафоралық ақыл карталары (МАК) жүргізілді. Шараны психолог мамандар – әділет майоры Маржан Сейдуллаева мен әділет лейтенанты Сәуле Әзімханова өткізді.

Аталған шара адамдарға өз ойларын жақсырақ түсінуге, сонымен қатар мәселелерді шешудің жаңа жолдарын табуға көмектеседі. Олар – адам өмірінің әртүрлі аспектілерін зерттеу үшін қолданылатын бейнелер, белгілер мен метафоралар жиынтығы.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.