5 жылда 11 жоба іске асырылады

47
🔰Таразда 2024-2025 жылдары Сыпатай батыр, Төле би, Қ.Тұрысов көшелерінің бойындағы М-1 жылу магистралін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, 6 138 метр жылу құбырлары ауыстырылған болатын.
🔹Сонымен қатар, өткен жылы Жамбыл даңғылының Төле би даңғылы мен Әйтеке би көшесінің аралығындағы М-3 жылу магистралының 650 метр бөлігі ауыстырылды. Сондай-ақ былтыр «Ұлы дала» шағын ауданындағы магистралдық және ішкі кварталдық жылумен жабдықтаудың инженерлік желілерін кеңейту жұмыстары бойынша 518 метр жылу құбырлары жаңартылды.
🔹Ағымдағы жылы осы жұмыстар өз жалғасын тауып, «Самал», «Алатау» шағын аудандарының ішкі кварталдық жылу желілерін қайта жаңғыртудан өтуде.
📌 Сонымен қатар, жылу желілерін қайта жаңғырту бойынша алдағы 5 жылда 11 жоба іске асырылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.