Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыттары түсіндірілді

681

Ашықтық пен әділдікке негізделген азаматтық қоғам құру – қазіргі күннің басты талабы. Осыған бастайтын бір жол – жемқорлықты түп-тамырымен жою. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды бағдарламасында бұл бағытқа ерекше мән беріп, кейін Қазақстан Президенті қызметіне ресми кірісу рәсімінде нақтылаған 10 маңызды бағыттың бірін «Сыбайлас жемқорлықты жою» деп белгіледі.

Аталған бағыттағы жұмыстар ел көлемінде кеңінен жүргізілуде. Сондай-ақ, қоғамдық мәселені болдырмау, оның алдын алу бағыттарын түсіндіру бойынша жиындар өткізілуде. Осындай басқосудың бірі Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЖД-158/2 мекемесінде ұйымдастырылды. «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбына арналған шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы Айбек Әжібаев қатысып, баяндама жасады.

– Сыбайлас жемқорлықпен күрес дамушы елдердін күн тәртібінде алдыңғы қатарда тұратын ең маңызды мәселелердің бірі. Еліміздің «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді Стратегиясында сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздікке тікелей әсер ететін қауіп-қатер ретінде көрсетілген.

Бұған Елбасы Н.Ә.Назарбаев және де ҚР Президенті Қ.К.Токаев аса көңіл бөліп, бұл дертті жоймай, толық даму мен өсіп өркендеу мүмкін еместігін айтып өткен болатын.

Сондықтан, елімізде 2014 жылы 26 желтоқсанда осы маңызды мәселе бойынша қағидаттық ұстанымды білдіретін «2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия» қабылданған болатын.

Стратегияда жемқорлық масштабын азайту, мемлекеттік органдардың ашықтығы, квазимемлекеттік және жеке секторлардың ашықтығы маңызды мақсаттар ретінде айқындалған. Осылайша, басты назар сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күреске емес, оның алғышарттарын жоюға аударылуы тиіс.

Қоғамдық өмірдің барлық салаларына еніп кеткен бұл індеттің алдын алу үшін елімізде институционалдық және құқықтық база қалыптасқан. Мәселен, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберінде 2015 жылдың 18 қарашасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы қабылданды. Тікелей Президентке бағынатын жаңадан құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызмет етуде. Атаулары көрсетіп отырғандай, Заңның да, Агенттіктің де басты мақсаты әлеуметтік дерттің алдын алу больш табылады.

Елбасы өз сөзінде: «Әр адам еңбек ету, оқып білу, өмір сүру және заманауи әлемде тіршілігін жалғастыру дағдыларын қалыптастыруы тиіс» деген болатын. Жемқорлықтан ада қоғам құру үшін бүгінгі таңда адамдардың бойында білімі мен кәсіби шеберлігімен қатар адалдық, парасаттылық, әділдік пен сенім деген адами қүндылықтар да болу маңызды болып табылады, – деді Айбек Итқараұлы өз сөзінде.

Жиын барысында департамент маманы жемқорлық фактілерін болдырмау шаралары жайында түсінік беріп, мекеме қызметкерлерін толық ақпараттандырды.

Г. Ибраимова,

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің

ЖД-158/2 мекемесінің аға инспектор психологы,

әділет аға лейтенанты

Leave A Reply

Your email address will not be published.