Жамбыл облысында қоқыс контейнерінен жаңа туған сәби табылды

38

Жамбыл облысының Қордай ауданында қоқыс контейнерінен жаңа туған қыз бала табылды. Ақпаратты аймақтық Полиция департаменті растады.

Нәрестені қауіпті жағдайда қалдыру фактісі бойынша құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады. Полицейлер баланың анасын анықтау және оқиғаның барлық мән-жайын айқындау мақсатында жедел-іздестіру және тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

Қазіргі уақытта нәресте Кордай аудандық орталық ауруханасының босану бөлімінде жатыр, оған сағат 10:00 шамасында жеткізілген. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сәбидің жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.

«Болжамды жүктілік мерзімі – 36 апта, салмағы – 1778 грамм. Тыныс алуы өздігінен, қан айналым көрсеткіштері тұрақты», – делінген хабарламада.

Дәрігерлер сәбиге қажетті медициналық көмек көрсетіп, тиісті тексерулер жүргізуде, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

фото: pexels

 Qaz365.kz.

Leave A Reply

Your email address will not be published.