Бұл ақпаратты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ресми түрде растады.
АҚШ-тың Флорида штатында Қазақстан азаматы заңды миграциялық мәртебесінің болмауына байланысты ұсталды. Бұл ақпаратты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ресми түрде растады.
Сыртқы саясат ведомствосының хабарлауынша, оны жергілікті иммиграциялық қызмет ұстаған. Бұған дейін БАҚ беттерінде ұсталған әйелдің үш баланың анасы екені туралы ақпарат тараған болатын.
Қазіргі уақытта қазақстандық дипломаттар Американың мемлекеттік органдарымен және азаматтың отбасымен тұрақты байланыс орнатты. СІМ өкілдері оған барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатқанын мәлімдеді.
Айта кетейік, АҚШ-тың миграциялық заңнамасына сәйкес, елде заңсыз болу визалық режимді бұзу болып саналады және ол депортациялауға немесе кейіннен елге кіруге тыйым салуға әкеп соғуы мүмкін.
Reuters