ТАЛАБЫҢА НҰР ЖАУСЫН, ӘНЕЛ!

161

Ата-баба дәстүріне сай тумысынан талантты, жас дарынды балаларды әрдайым қолдап, өнер жолына қанатын жайып, еркін самғауына ақ батасын беріп сәттілік тілеу баршаның ортақ міндеті.

Ұлт тәрбиесі — ұлт болашағы. Егеменді еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ тәрбиесі. Осы орайда «Ел есінде бір жыл қалғың келсе — ас бер, он жыл қалғың келсе — ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе — бала тәрбиеле» дейді халық даналығы.

Қасиетті  Сарысу жерінен  талантты  бабаларының соңынан талапты ұрпақтары өсіп келе жатқаны көңілге қуаныш нұрын себелейді.

Осындай талапты бүлдіршіннің  бірі Игілік ауылдық балалар өнер мектебінің  оқушысы Махмұт Әнел Азаматқызы . Отбасында әкесі Азамат пен Назираның тұла бойы тұңғыштары.

Көп балалы отбасында тәрбиеленіп жатқан Әнелдің еркін, өз ойын ашық айтып, дарын мен қабілетті бойына қалыптастыруына ұстаздарының да тигізген пайдасы зор.

Осының айқын дәлелі күні кеше Тараз қаласында өтіп жатқан, ЖАСТАР ART KAZAKhSTAN фестиваліне жол тартқан Әнел қуанышты жаңалықпен оралды.

Игілік ауылы, Шоқай Датқа ортамектебінің 4 А сынып оқушысы МАХМУД ӘНЕЛ АЗАМАТҚЫЗЫ, Игілік ауылдық балалар өнер мектебінің ДРАМА сыныбының 3 сыныпоқушысы , жекеорындау бойынша қатысып, қатарластарынан оқ бойы озып, бүлдіршін бірінші орынды жеңіп алды.

Елегезек, озат, Әнелдің  болашағы жарқын болсын деп тілейміз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.