Т.Рысқұлов ауданы әкімі Ерболат Садырқұлов партия комиссиясына есеп берді

Т.Рысқұлов ауданында «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің көшпелі отырысы отырысы өтті. Жиынды кеңес төрағасы Бақтияр Алдашов ашып, жүргізіп отырды. Онда партияның 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының орындалуы туралы партия аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Ерболат Садырқұловтың есебі тыңдалды.

1 819

Жалпы ауданда бүгінгі күнде бұл бағытта бірқатар жұмыстар атқарылған. Жүйелі шаруа жүргізіліп жатқаны көрініс беруде. Жұмыс ауқымы аз емес.

Дегенмен, олқылықтар да аз емес. Т.Рысқұлов ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы мен Елбасы Жолдауынан туындайтын міндеттердің орындалуында бірқатар кемшіліктер орын алған. Бұл туралы ауданда 16-20 шілде күндері аралығында сыйбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарына зерделеу жүргізіліп, оның қорытындысы туралы баяндаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі Қасымхан Төлендиев хабарлады.

Айтуынша, Т.Рысқұлов ауданы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының санитарлық-гигиеналық қадағалау және техникалық регламенттер талаптарының сақталуын бақылау бөлімінің бұрынғы жетекші маманы, партия мүшесі И.А.Асылбекова пара алғаны үшін ҚР Қылмыстық Кодексінің 336-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, қызметінен босатылып, партия қатарынан шығарылған.

Сонымен қатар, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауынан туындайтын негізгі міндеттерді, жүргізілген сауалнама мен кездесулер көрсеткендей, кейбір аудан тұрғындары толық біле бермейді. Мысалы, Жолдаудан туындайтын міндеттің бірі «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша аудан тұрғындарынан сұрау кезінде көбісінің ол туралы хабарсыз екені байқалды. Сол сияқты, ауыл кәсіпкерлеріне шаруашылық жүргізудің жаңа дағдыларын үйрету үшін жаппай оқыту жүйесі жүргізілетіні туралы да жеткілікті ақпараттандырылмаған.

-Сондықтан алдағы уақытта аудан әкіміне және аудан әкімі жаныдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында комиссиясы мен аудан бойынша барлық мемлекеттік, бюджеттік мекемелер мен ұйымдар басшыларының жауапкершіліктерін арттыру мақсатында тиісті іс-шаралар қабылдау және мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінен туындайтын міндеттердің аудан көлемінде орындалуын басты назарда ұстау және тұрғындар арасында мейлінше түсіндіру керектігін көрсетіп отыр, — дейді зерделеу жүргізген жұмыс тобына жетекшілік жасаған Қ.Төлендиев.

Кеңес отырысының қорытындысы бойынша қаулы қабылданып, партия аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Е.Садырқұловқа кемшіліктерді болдырмау және нақты шаралар қабылдап, жұмыстарды жандандыру керектігі ұсынылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.