Шу ауданында облыстық ақындар айтысы өтіп жатыр

1 333

Шу ауданының орталығы Төле би ауылында облыстық ақындар айтысы өтіп жатыр, деп хабарлайды «08info» ақпарат агенттігі.

«Асқақтай бер, Астана!» аталатын сөз шеберлерінің аламаны Астана қаласының 20 жылдығына арналған.

Айтысқа Байзақ ауданынан Дархан Әбдіманатұлы, Алтынкүл Қасымбекова, Әсет Дүйсебаев, Ернұр Бейсенов, Дидар Басығараев, Рай Дөңбай мен Бақнұр Нұрман, Тараз қаласынан Есет Досалы, Дидар Апбасов және Медеу Мырзатай, Жамбыл ауданынан Айтмұханбет Исақов, Нұрлыбек Құрманов пен Шапағат Сәбитқызы, Қордай ауданынан Күміскүл Сәрсенбаева, Жуалы ауданынан Қанат Мырзахан, Шу ауданынан Бақытбек Жұмабеков, Нұрлан Жұмабеков, Әділет Медетқұл мен Айым Көшербай, Талас ауданынан Нұржан Манатбек,  Сарысу ауданынан Алик Бекмұсаев, Меркі ауданынан Мейіржан Жекебаев, Мұқағали Балтабай, Т. Рысқұлов ауданының атынан Асхат Қылышбек секілді ақындар қатысып, бақ сынауда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.