Логопед пен дефектологты қалай ажыратамыз? – Маман жауап берді

712

Баланың сөйлеу тілінің дамуының кешеуілдеуімен, алалиямен және баланың дамуына байланысты басқа да мәселелермен бетпе-бет келетін кей ата-аналар бірінші кезекте қай маманмен жұмыс істеу керегін білмей тосылып қалады. Осы ретте turkystan.kz логопед пен дефектологтың аражігін ажырату үшін логопед-дефектолог Назгүл Серікқызының кеңесін ұсынады.

«Логопед – тіл тазалығының маманы, баланың анық сөйлеуімен, дыбыстардың дұрыс шығуымен айналысады. Айта алмайтын, тілі келмей жүрген дыбыстарды қояды. Ол үшін түрлі жаттығулар жасатады. Массаж және тағы да басқа арнайы әдістер бар. Ал дефектолог – психофизикалық даму ерекшеліктері бар балаларды әлеуметтік ортаға бейімдей отырып, оқытып-үйрететін, сөйлеу машығын қалыптастыратын қызметі неғұрлым ауқымды маман. Олар денсаулығында кінәраты бар балалармен жұмыс істейді. Бірақ екі мамандық тығыз байланыста, қабысып жатыр. Сондықтан егер балаңыздың бойынан, әрекетінен, мінез-құлқынан қандай да бір сезікті дүниелер байқасаңыз, тезірек дәрігердің кеңесін алған жөн. Баланы тексергеннен кейін қай маманға бару керек екені белгілі болады», – деді Назгүл Серікқызы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.