Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімовтың жүлдесіне арналған шахматтан турнир басталды

128
Ауданымызда спортты кеңінен насихаттау, бұқаралық спортты дамыту мақсатында республикалық, халықаралық жарыстар мен турнирлер жоспарға сәйкес тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Солардың бірі Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтың жүлдесіне арналған жасөспірімдер арасындағы шахматтан республикалық турнир.
Бүгін дәстүрлі түрде даңқты жерлесіміз Асанәлі Әшімовтың жүлдесіне арналған шахматтан республикалық турнир басталды.
Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімінің міндетін атқарушы Қайрат Аманов қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Турнирдің маңыздылығына тоқталып, көптеген өнер адамдары мен танымал тұлғаларды өмірге әкелген Сарысу топырағынан шыққан айтулы тұлғаның бірі Асанәлі Әшімовтің жүлдесі үшін өткелі отырған жарыстың жас шахматшылардың шеберлігін шыңдауға оң ықпал ететіндігін айтты. Жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Сонымен қатар, Ұлытау облысы, Жаңаарқа ауданы, Ералиев ауылынан келген еңбек ардагері Бақтияр Ербол жарыстың ашылуымен құттықтады.
Жарысқа Астана, Ақтөбе, Тараз қалаларынан, Түркістан, Жамбыл облыстарының аудандарынан және Сарысу ауданынан 80-ге тарта жас шахматшылар келіп қатысып жатыр.

Comments are closed.