Осы жылдың соңына дейін түрлі қаржы көздері есебінен 132 мың орынға арналған 154 мектепті, оның ішінде Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 76 738 орындық 62 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл 12 апатты және 29 үш ауысымды мектептің мәселесін шешеді. Жаңа мектептердің басым бөлігі Түркістан облысында – 16, Батыс Қазақстан облысында– 14, Астана қаласында – 10, Қызылорда және Жамбыл облыстарында 7 мектептен салынады.