⚜️ АРХИВТЕ АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ САРАЛАНДЫ

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Сара Мадиеваның төрағалығымен ағымдағы атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйі бойынша жиналыс өтті.
Жиналысқа архив директорлары мен архив қызметкерлері қатысты.
Жиналыста архивтердің жұмыс жағдайы туралы баяндамалар жасалды.
Іс-жүргізу қағаздарына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйе жұмысы, IP VPN жылдамдығы және архивтердегі компьютерлер жағдайына талдау жүргізілді.
Электронды цифрлы форматқа көшіріліп жатқан құжаттар тәртібі, проблемалық мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Comments (0)
Add Comment