ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЖАРЫС ӨТТІ

Бүгін Сарысу ауданы әкімдігінің денешынықтыру және спорт бөлімі, бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығының ұйымдастыруымен Жаңатас қаласындағы спорт кешенінде 1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесіне орай ерлер мен әйелдер арасында үстел теннисінен аудандық біріншілік өтті.
Сондай-ақ, аталған турнир Жаңатас қаласының 55 жылдығы аясында өткізіліп отыр.
Тартысты өткен жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дайындалған кубоктарға ие болып, дипломдармен және медальдармен марапатталды.

 

Сарысу ауданы әкімдігі

 

Comments (0)
Add Comment