ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді тапсыру туралы хабарлама

Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап өткен 2022 жыл бойынша үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы мәліметтерді «ҮЕҰ Дерекқорына» ұсынудың кезекті мерзімі басталғанын еске салады.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ҮЕҰ Дерекқорында тіркелу мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік гранттар шеңберінде әлеуметтік бағдарламаларды және (немесе) әлеуметтік жобаларды іске асыруға, сондай-ақ ҮЕҰ үшін сыйлық алуға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.
Мәліметтер Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру Қағидаларына сәйкес ұсынылады (Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі №402 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 22 қыркүйекте №29765 болып тіркелді).
ҮЕҰ қызметі туралы мәліметтерді электрондық түрде infonpo.kz. веб-портал арқылы ұсыну үшін ХҚКО-ң жақын жердегі бөлімшесінде электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу қажет.
ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді ұсынбауы, уақытылы ұсынбауы және анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуы үшін «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Байланыс нөмірі: 2-13-32
Comments (0)
Add Comment