Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы» КММ ақын Күләш Ахметованың 80 жылдығына арналған «Жыр жұлдызы: Күләш Ахметова мұрасы» поэтикалық баттл ұйымдастырып, қазақ поэзиясына нәзіктік пен биіктікті қатар сыйдырған, жырларымен талай жанның жүрегіне жол тартқан, 2025 жылдың қарашасында қазақ халқының қабырғасын қайыстырып өмірден озған Күләш Ділдәқызы Ахметованы еске алып, рухына тағзым ете отырып 1 минуттық үнсіздік жарияланды.
Жанымыздан жоғалтып алсақ та, жадымызда мәңгі сақталатын ақынның рухы оның жырларымен бірге өмір сүруін тоқтатпайтындығын паш етіп, еске алу дәстүрлі үнсіздікпен ғана емес, оның болмысына жақын поэтикалық баттл форматында жүргізілді. Баттлға С.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектептен 5 оқушы, Ө.Жолдасбеков атындағы №50 орта мектептен 1 оқушы, дарынды балаларға арналған мамандандырылған «IТ» лицей-интернатынан 5 оқушы ұсыныс білдіріп, барлығы 10 оқушы қатысты.
Жарыс төмендегідей төрт кезеңнен тұрды:
І-кезең «Мен және Жасанды Интеллект» (ЖИ пен ұштастырып, креативті түрде өзін өзі таныстыру.)
ІІ- кезең «Жүрегім үндейді» (Күләш Ахметованың өлең жолдарын оқу. Тақырып әр кімнің өз қалауымен. Өлең шумағының көлемі шектеусіз, бастысы орындау уақыты 5 минуттан аспауы тиіс. Музыкалық сүйемелдеу, сахыналық көрініспен әрлеу қосымша ұпаймен ескеріледі)
ІІІ-кезең «Ақын жолын жалғастыр» (– Қатысушыларға Күләш Ахметова өлең жолдарынан үзінді ұсынылады.
– Міндет: түпнұсқаның философиялық-эмоционалдық құрылымын сақтай отырып, поэтикалық мәтінді логикалық және стилистикалық тұрғыдан дұрыс аяқтау.
– Дайындалу уақыты: 7 минут..)
ІV-кезең «Кескіндегі өлең» (Міндет: 10 минут ішінде ұсынылған картинаның көңіл-күйі мен мазмұнын барынша дәл бейнелейтін К. Ахметова шығармаларынан үзінді дайындап, мәнерлеп оқу).
Сайысқа қатысушылар өз өнерлерін жан-жақты көрсетіп, ақын өлеңдерін ортаға салды. Сөз бен ой таразыға түскен осы сәтте, сөздің салмағын саралаған әділ қазы алқалары шындықпен өнерге негізделген шешімдерін жария етіп, жүлдегерлерді І.ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен және алғыс хаттармен марапаттады.
І –дәрежелі дипломмен («Алиса» ақпарттық құрылғысы) Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «IТ» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Әбдібай Еркеназ;
ІІ-дәрежелі дипломмен (Сымсыз магнитті қуаттағыш «Поуэрбанк») Дарынды балаларға арналған мамандандырылған «IТ» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Маратбек Тәсним;
ІІІ-дәрежелі дипломмен (Құлаққап) С.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектептің 7 сынып оқушысы Аманбекқызы Еркеназ марапатталынды.
Шара соңында аққынның «Орман» кітабының нүктелі бедерлі Брайль қарпіндегі тұсаукесері өтіп, 1 данасы арнайы №2 «Болашақ» мектеп интернатының оқушыларына жолданды.
Тиімділігі: 55 оқырман қамтылды.