Жамбыл ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Жамбыл ауданының «Жастар ресурстық орталығы» КММ еріктілерімен және «КазТрансАймақ» қызметкерлерімен бірлесіп жылыту беру маусымы қарсаңында Жамбыл ауданының Гродеков, Қызылдихан, Жалпақтөбе және Қызылқайнар ауылдық округтерінің тұрғындарына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында қызметкерлер тұрғындарға Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі , пештерді пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы айтып берді.
Тұрғын үй секторын аралау барысында жадынамалар мен буклеттерді тарата отырып, өрт қауіпсіздігінің қағидалары мен талаптары түсіндірілді, сондай-ақ бұзушылықтар көрсетілді, төтенше жағдайларды болдырмау үшін оларды жою бойынша кеңестер берілді
Төтенше жағдай кезінде 101 немесе 112 нөмерлеріне қонырау шалыныз.
Жамбыл ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі.