Қараша келіп, күн суытты. Биылғы күз жайлы болып, шуақты күндер қазан айының соңына дейін созылғаны бар.
Ал бұл – жылыту маусымына дайындалуға қосымша мүмкіндік деген сөз. Осыны пайдаланған жауапты мамандар халық арасында түсіндіру іс-шараларын қолға алған.
Осы мақсатта аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев аудан бойынша, сонымен қатар елді мекендерді үнемі қадағалап және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді күн тәртібінде басты бақылауда ұстап, нақты тапсырмалар берген болатын.
Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес аудан әкімінің орынбасары Сәкен Үмбетұлы ағымдағы жылдың 10 қараша аудандағы бірқатар әлеуметтік нысандардың (білім, мәдениет, спорт, денсаулық) 2022-2023 жылыту маусымының өту барсын зерделеп шықты.
Аудан орталығынан шалғайда орналасқан Қамқалы ауылдық округінен басталған зерделеу жұмыстары, Досбол, Тоғызкен, Жайылма, Игілік, Жанаталап басқа да ауданның округтерінде жалғасын тапты.
Зерделеу жұмыстары кезінде анықталған кемшіліктерді жою бойынша шұғыл шаралар қабылдап, қалыпты жұмысты үйлестіру үшін тиісті жұмыстарды жүргізу тапсырылды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша бірқатар тапсырма беріп, жылыту маусымы кезінде салғырттыққа, немқұрайлылыққа жол беруге болмайтынын, науқанға жауапкершілікпен қарау керектігін жеткізді.
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі