“Жылы ықылас – адал еңбек”

«Халықаралық волонтерлар жылына» орай Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен қоғамға адал қызмет етіп жүрген азаматтарға арналған “Жылы ықылас – адал еңбек” атты қайырымдылық акциясы өтті.
Шараның басты мақсаты – күннің суығына, уақыттың тығыздығына қарамастан, ел игілігі үшін тынымсыз еңбек етіп жүрген коммуналдық сала еңбеккерлері, тазалықшылар мен басқа да қоғамдық қызметшілерге шынайы алғыс білдіру, олардың еңбегіне құрмет көрсету.
Акция барысында көшелер мен мекемелер аумағында еңбек етіп жүрген жұмысшыларға ыстық шай мен тәтті бәліштер таратылып, жүректен шыққан жылы лебіздер айтылды. Қарапайым көрінген бұл ықылас иелері үшін үлкен қуаныш пен рухани қолдау болды. Қоғамның назарын сезіну – әрбір еңбек адамы үшін ерекше жігер мен сенім сыйлайтыны сөзсіз.
Аталған шара волонтерлік мәдениетті қалыптастыруға, мейірімділік пен жанашырлықты дәріптеуге, сондай-ақ қоғамдағы өзара құрмет пен бірлікті нығайтуға бағытталды. Осындай игі бастамалар арқылы жастар арасында әлеуметтік жауапкершілік пен адамгершілік құндылықтар кеңінен насихатталуда.
“Жылы ықылас – адал еңбек” акциясы – үлкен өзгерістер кішігірім қамқорлықтан басталатынын дәлелдеген, жүректерді жылытқан тағылымды шара.
Әсел Дүйсетай,
Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы.
ТАЛАС АУДАНЫ
Comments (0)
Add Comment