Таразда 2024-2025 жылдары Сыпатай батыр, Төле би, Қ.Тұрысов көшелерінің бойындағы М-1 жылу магистралін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, 6 138 метр жылу құбырлары ауыстырылған болатын.
Сонымен қатар, өткен жылы Жамбыл даңғылының Төлеби даңғылымен Әйтеке би көшесінің аралығындағы М-3 жылу магистралының 650 метр бөлігі ауыстырылды. Сондай ақ, былтыр «Ұлы дала» шағын ауданындағы магистралдық және ішкі кварталдық жылумен жабдықтаудың инженерлік желілерін кеңейту жұмыстары бойынша 518 метр жылу құбырлары жаңартылды.
Ағымдағы жылы осы жұмыстар өз жалғасын тауып, «Самал», «Алатау» шағын аудандарының ішкі кварталдық жылу желілерін қайта жаңғыртудан өтуде.
Жалпы қаладағы жылу желілерін қайта жаңғырту аясында 7 жоба бойынша республикалық бюджетке өтінім ұсынылды. Олардың барлығы толық іске асқан жағдайда жылу желілерінің тозу деңгейі 66,4 пайыздан 51 пайызға дейін төмендейді.