Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Аргентина құрамасы мен «Пари Сен-Жермен» (ПСЖ) клубының шабуылшысы Лионель Мессиді 2022 жылдың үздік ойыншысы ретінде таныды деп хабарлады turkystan.kz.
Месси спорттық мансабында екінші рет ФИФА нұсқасы бойынша жылдың үздік ойыншысы атағын жеңіп алды. Бұған дейін ол сыйлықты 2019 жылы алған болатын.
Айта кетейік, өткен маусымда Месси Катарда өткен турнирде Аргентина құрамасымен бірге жеңіске жетіп, алғаш рет әлем чемпионы атанды.
https://turkystan.kz/article/214945-zhyldyn-uzdik-futbolshysy-anyktaldy/