Журналист Сандуғаш Дүйсенова ұсталды

Талдықорғанда белгілі журналист, азаматтық белсенді Сандуғаш Дүйсенова ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz.

Жетісу облыстық Пһолиция департаментінің мәліметінше, 11 тамызда Талдықорғанда журналист Сандуғаш Дүйсенова ҚР Қылмыстық кодекстің 147-бабы 5-бөлігі бойынша ұсталды.

«Бұл бапта жеке өмір туралы ақпаратты, соның ішінде жеке немесе отбасылық құпияны көпшілік алдында сөйлеуде, жұмыста, бұқаралық ақпарат құралдарында, телекоммуникация желілері арқылы таратқаны үшін жауапкершілік қарастырады», – деп хабарлады ведомстводан.

Журналист қалалық Полиция басқармасына жеткізілді. Ол мойындау туралы куәлік беріп, процесуалдық іс-шаралар өткізілгеннен кейін ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхатпен шықты.

«Қазіргі таңда тергеу облыстық Полиция департаментінің бақылауында. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді», – деп атап өтті Жетісу облыстық Полиция департаментінен.https://turkystan.kz/article/230164-zhurnalist-sandugash-duysenova-ustaldy/

Comments (0)
Add Comment