Журналист Махамбет Әбжан 9 жылға сотталды

Астанада журналист Махамбет Абжанға сот үкімі шықты деп хабарлады turkystan.kz.

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Айжан Құлбаева сотталушыны 9 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Махамбет Абжан жазасын қауіпсіздігі төтенше мекемеде өтейді.

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Абжанды 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Еске салсақ, 3 шілде күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізген арнайы операцияның нәтижесінде М. Абжан 50 миллион теңге алғаннан кейін ұсталып, Нұр-Cұлтан қаласы ПД УҰИ-ға қамауға алынды.

Comments (0)
Add Comment