Мобилдік топ жұмысы

«Жұмыспен қамту және әлеуметтiк сақтандыру» бағытында құрылған мобильдiк топ өз жұмысын жалғастыруда.
Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен құрылған және Халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен мобильдік топ өз жұмысын жандандыруда.
Мобильдік топтың мақсаты -аудандағы жұмыс іздеп жүрген, жұмыссыз, жұмысынан айырылған азаматтармен, NEET санатындағы жастар мен кездесулер ұйымдастырып, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап табуға көмектесу.
Осы мақсатпен Жамбыл облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалының ө к і л і Э л ь м и р а П а ш а н о в а ауданымызға іс-сапарымен келіп, міндетті әлеуметтік сақтандыру (МӘСҚ) жүйесі туралы кеңінен кеңес берді.
— «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы мағлұмат, МӘСҚ жүйесіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері жөнінде, МӘСҚ-на төленетін әлеуметтік аударымдар туралы және міндетті әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру туралы айтып өтті.
Мобильдік топтың құрамына енгізілген аудандық орталық ауру хананың бас дәрігері Б.Үсенбаев өз тарапынан қажет жұмыстарды ұйымдастырып, емхана меңгерушісі Е.Көмек бастаған ауылдық округ тегі дәрігерлік амбулаториялардың дәрігерлері Н.Ермеков, З.Абуова, Г.Сисебаев ауыл тұрғындарына Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың ( М Ә М С ) қаншалықты маңызды екендігін және МӘМС төлемдерінен қандай 15 категория (18 жасқа дейін балалар; жұмыс істемейтін жүкті әйелдер; баланы 3 жасқа толғанға дейін тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар; жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы асырап алуға, сондай-ақ бала 3 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар; «Алтын алқа» алқаларымен наградталған немесе «Батыр Ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар; мүгедектігі бар бала (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған адамдар; бала кезінен мүгедектігі бар балаға күтім жасайтын адамдар; мүгедектер; зейнеткерлер және ҰОС ардагерлері; орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу орнында білім алатын білімгерлер; жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар; жұмыс істемейтін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар; жұмыс істемейтін қандастар; қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген адамдар, ең төменгі қауіпсіздік мекемелерін қоспағанда; тергеу изоляторында отырған адамдар) азаматтар босатылғаны жөнінде түсіндіріп айтып өтті.
Мобильдік топтың құрамындағы халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары А.Жанұзақов, Е.Сұрамысов « 2 0 2 1 — 2 0 2 5 ж ы л д а р ғ а а р н а л ғ а н к ә с і п ке р л і к т і д а м ы т у жө н і н д е г і Ұлттық жоба» аясында жастарды қолдау ретінде 2,5%-бен берілетін шағын несие, «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісім-шарты» жобалары, осал топтағы азаматтарға мемлекеттік қайтарымсыз грант, жұмыссыз азаматтарға қысқа мерзімді кәсіптік оқу, Ақылы қоғамдық жұмыстары, «Күміс жас» жобасы, субсидияланатын әлеуметтік жұмыс орындары т уралы және «Қуатты өңірлер – Ел дамуының драйвері» жобасының шеңберінде инфрақұрылым жұмыс орындары, оңтүстік өңірлерден солтүстік өңірлерге ерікті түрде қоныс аудару бағдарламалары бойынша кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жұмыссыз азаматтарды жобаларға қатысуға шақыруда.
Жиын аяқталғаннан кейін аудан тұрғындары осы салаларға байланысты туындаған сұрақтарына жан-жақты жауап алды. Мобильдік топ өз жұмысын басқа да ауыл округтерде жалғастырады.
Comments (0)
Add Comment