ЖУАЛЫЛЫҚ АМАНАТТЫҚТАР САЯСИ ТҰҒЫРНАМАҒА ҰСЫНЫСТАРЫН ЕНГІЗДІ

Бүгін «AMANAT» партиясы аудандық филиалының «Бауыржан Момышұлы» бастауыш партия ұйымында жиын өтті.

Күн тәртібіне сәйкес «AMANAT» партиясының Саяси тұғырнамасын талқылау, партияның аудандық филиалының кезектен тыс XXXIIІ конференциясына делегаттар сайлау мәселелері қаралды.

Жиынды аталған бастауыш партия ұйымының төрайымы Эльмира Абишева ашып, жүргізіп отырды.

✅Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Ашикеев Айбек Ауесханович баяндама жасады.

Ал екінші мәселе бойынша жиынға қатысушылар «AMANAT» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс XXXIIІ конференциясына бастауыш партия ұйымдарының атынан делегаттыққа мүшелерді сайлап, бірауыздан дауыс берді.

Жиын соңында қатысушылар тарапынан ескертпелер мен ұсыныстар айтылып, күн тәртібінің хаттамасына енгізілді.

Бекболат Бақытжан Мұхитұлы
«AMANAT» партиясы Жуалы аудандық филиалының баспасөз хатшысы

Comments (0)
Add Comment