Меритократия қағидатына сәйкес конкурстық комиссияның шешімі негізінде аудан әкімінің өкімімен Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымына Мырзалиев Жәнібек Амангелдіұлы тағайындалды.
Мырзалиев Жәнібек Амангелдіұлы Жамбыл облысы Жуалы ауданы Көлтоған ауылында 1985 жылы 28 қазанда дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі-жоғары.
2007 жылы Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Институтын «Физика және информатика» мамандығы бойынша және 2024 жылы Шымкент Университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы Шымкент қаласы «Оңтүстік-жер» ЖШС жеке еңбек келісім-шарты бойынша оператор болып бастаған.
23.11.2007-30.01.2009 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы «Мардан Строй» ЖШС жеке еңбек келісім-шарт бойынша Инженер-геодезист;
02.02.2009-03.08.2009 жылдары Жуалы ауданы Көлтоған ауылы Боралдай ауылдық округі әкімі аппаратында Жастар тәжірибесі бойынша қызметкер;
01.10.2009-10.12.2009 жылдары Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі әкімі аппаратының инспекторы;
10.12.2009-05.11.2010 жылдары Жуалы ауданы Боралдай ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы;
10.01.2011-03.05.2011 жылдары Жуалы ауданы С.Байтіков орта мектебінің жастар ісі нұсқаушысы;
03.05.2011-13.08.2012 жылдары Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы» мекемесінің спорт және жастар ісі нұсқаушысы;
13.08.2012-12.01.2017 жылдары Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі директорының орынбасары;
12.01.2017-17.06.2019 жылдары Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің директоры;
18.06.2019-05.06.2023 жылдары Жуалы ауданы Қошқарата ауылдық округінің әкімі;
2023 жылғы 11 тамыздан осы күнге дейін терроризм саласы бойынша Жуалы ауданы әкімінің бас инспекторы қызметін атқарып келді.