Жуалыда ардагерлер белсенділігі жоғары

Аудандық Ардагерлер ұйымы РҚБ Жуалы ауданы филиалының 2022 жылы атқарылған жұмыстары туралы жиын өтті. Жиынға аудан әкімі Мұртаза Жалғас Әлижанұлы, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Солтыбаев Еркінбек Бейсенбекұлы, облыстық билер кеңесінің төрағасы Есіркепов Оңдасын Қарабайұлы, аудандық сот төрағасының міндетін атқарушы Байжан Жамалбекұлы және ауыл әкімдері, ардагерлер ұйымының төрағалары, ауылдық,аудандық билер, аналар, әкелер алқасының төрағалары қатысты.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмашев Сейітхан Шералханұлы жиынды ашып, 2022 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Аудандық аурухананың бас дәрігері Үсенбаев Батырбек Балтабайұлы аудандық аурухананың ардагерлерге көрсеткен медициналық, стационарлық, профилактикалық жұмыстары жүргізіліп тегін дәрілер берілген. Ардагерлерге арнайы 1 терезе мен 1 бөлме ашылғандығы және айына 1 күнді белгілеп ардагерлерге қабылдау жүргізу жоспарланғанын айтты. Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Солтыбаев Еркінбек Бейсенбекұлы атқарылған жұмыстарды саралау барысында ​ ең үздік ардагерлер ұйымы дипломымен марапаттады. Жиын соңында ардагерлер өз ойларын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.
Жуалы ауданы әкімдігі
Comments (0)
Add Comment