Жуалы ауданының әкімі Нарбай Ергебеков аудан халқының алдында жыл бойы атқарылған жұмыстарды тізбектеп, есеп берді. Облыс әкімі Асқар Мырзахметов қатысқан есепті жиында Нарбай Әбілқасымұлы 2019 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен 2020 жылы алда тұрған міндеттер туралы баяндады.
– 2020 жылы атқарылатын жұмыстарға қысқаша тоқталып өтсем. Биыл 7 нысан құрылысы жүргізіледі. Ауыз су бойынша 5 елдімекенде, білім саласында 1 нысан, мәдениет саласында 1 нысан жұмыстарына 1 409,7 млн теңге қаралды.
Мұнан басқа ауылдық округтерде 43 нысанға 324,0 млн. теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Білім саласындағы Мыңбұлақ, Шыңбұлақ орта мектептері ағымды жөндеу жұмыстары және орта мектептердің 5-не қоршау, 12-не пандустар және 27-нің әжетханаларын жөндеуге 105,0 млн. теңге жоспарланды.
Сонымен қатар, облыс әкімі бастамасымен жүзеге асырылып жатқан ауыл тұрғындарының табысын арттыру жобасы бойынша жұмыстар жалғасады. Бүгінгі күні Ақтөбе ауылдық округіндегі 195 үйдің өтінімдері қабылданды. 120 тұрғын жалпы соммасы 375,0 млн теңге несиеге қол жеткізді. 29 адам 82,0 млн теңгеге 473 бас ауылшаруашылығы жануарларын сатып алды, – деді есебінде аудан басшысы.