Жуалы ауданында «Тіл – достықтың дәнекері» атты тіл фестивалі өтті

2026 жылғы 29 мамыр күні Жуалы аудандық мәдениет үйінде Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының бастамасымен «Тіл – достықтың дәнекері» атты тіл фестивалі өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылды.
Фестивальдің негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, қоғамдағы тілдік бірлікті нығайту және өзге этнос өкілдерінің мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру.
Фестиваль барысында мемлекеттік тілдің қоғамдағы маңызы мен оны дамыту бағытындағы жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ аудан деңгейінде мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосып жүрген тіл жанашырлары марапатталды.
Фестиваль соңында қатысушылар мемлекеттік тілдің ел бірлігін нығайтудағы, мәдениет пен достықты дәріптеудегі маңызын ерекше атап өтті. Бұл игі бастама өңір тұрғындарын кеңінен қамтып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге тың серпін берді.
Жамбыл облысы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы
Comments (0)
Add Comment