Бүгін — Қазақстан Республикасы
Президентін кезектен тыс сайлау күні.
Жуалы ауданында 39 сайлау учаскесі өз жұмысын таңғы сағат 07:00-де бастады.
Сайлау кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасатын болады.
Алғашқы дауыс беруші!
Ел Президентінің кезектен тыс сайлауда Жуалы ауданында алғашқы дауыс берушілер өз таңдауын жасады. Алғашқылардың бірі болған тұрғындарға арнайы сыйлық берілді
Алғашқы сайлауға қатысушы егіздер!
Ел Президентінің кезектен тыс сайлауында Қарасаз ауылында алғаш жас дауыс берушілер тіркелді.
Қарасаз ауылдық округіндегі №190 сайлау учаскесіне келген Құлибай Гүлдана мен Құлибай Ұлзана алғашқы рет жас дауыс беруші екені анықталды.
Алғашқы сайлауға қатысушы!
Ел Президентінің кезектен тыс сайлауында Бәйтерек ауылында алғаш жас дауыс беруші тіркелді.
Ақтөбе ауылдық округіндегі №211 сайлау учаскесіне келген Аликұлы Мағжан алғаш рет жас дауыс беруші екені анықталып, өз таңдауын жасады.
Нұрлыкент ауылдық округіндегі N208 сайлау учаскесіне дауыс беруге келген Түктібай ауылынан Ілесовтар отбасы.
Өз дауысын ел болашағына сенімді түрде қорғайтын адамға жүктейтінін айтты.