Жуалы ауданында 12 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылатын болады

Жуалы ауданында кәсіпкерлік саласы бойынша 2025 жылға дейін жалпы құны 18,7 млрд теңгені құрайтын 12 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылатын болады. Осылайша, 169 тұрақты жаңа жұмыс орны құрылады деп күтілуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-брифингі барысында аудан әкімі Жалғас Мұртаза айтты. Оның сөзінше, инвестициялық жобалар сәтті жүзеге асқан жағдайда салық базасына 500 млн теңгеге артады.
— Елді-мекендерді көркейту мақсатында инвестиция тарту – жергілікті атқарушы органдары ерекше назарға алатын басым бағыттардың бірі. Себебі, мұның игілігін ең бірінші кезекте қарапайым халық көреді. Әрине, бюджетке түсетін салықтың да көлемі молая түседі. Қазіргі таңда ауданда 2022-2025 жылдарға жалпы құны 18,7 млрд теңгені құрайтын 12 ірі жобаның тізбесі қалыптасқан. Бұл жобалар іске асқан жағдайда 169 адамға тұрақты жаңа жұмыс орындары ашылып, салық базасына 500 млн теңгеге артады деп күтілуде. Бұдан бөлек, ауданда кәсіпкерлік саласы бойынша 2025 жылға дейін жалпы құны 18,7 млрд теңгені құрайтын 12 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылатын болады, — деді Жалғас Алижанұлы.
Аудан басшысы сондай-ақ «Асарлатып үй салу» жобасы аясында 5 үйдің жаңа құрылысы басталып, 4 үй сатып алу жоспарланып отырғанын жеткізді. Оның сөзіне сенсек, бүгінгі күнге дейін Жаңаталап, Ақбастау, Көлтоған және Теріс сынды ауылдардарындағы әлеуметтік жағдайы төмен жанұяларға 9 үй пайдалануға берілген екен. Ал «Дипломмен — ауылға» бағдарламасы шеңберінде 36 маманға тұрғын үй алу үшін қаржы беріліпті. Сондай-ақ жыл соңына дейін мемлекеттік тұрғын үй кезегінде тұрған 18 отбасы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында баспанаға қол жеткізетін болады.
Брифинг барысында шағын және орта бизнестің дамуы, ауыл-аймақтарда газдандыру мен ауыз су мәселелерін кезең-кезеңімен шешілуі жөнінде кеңінен мағлұмат берген аудан әкімі Жалғас Мұртаза ауданның экономикалық даму көрсеткіштерінде оң өзгерістерін барын атап өтті.
Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Comments (0)
Add Comment