Исабеков Ардақ Омарұлы жастайынан еңбекке араласып, еңбекқорлығымен жерлестері арасында құрметке ие болып жүр. Әкесі, марқұм Исабеков Омар Қылышбай ауылында алғашқылардың бірі болып шаруа қожалық ашып, егін егуді қолға алған болатын. Бүгінде Ардақ сол қожалықтың шаруасын дөңгелетіп, жер егіп, төрт түлік малды өсіруде. Қыстық жем-шөп дайындауда, басқа да ел игілігіне қажет шараларға қаржылай, техникаларымен көмек беріп, ауылдың әлеуетін арттыруға көп үлес қосуда. Өзі мүше болып табылатын «AMANAT» партиясының партиялық бағдарламасы аясында өтетін шаралардан ешқашан қалыс қалмай, белсене қатысады.
Жақында ғана Партия аудандық филиалы ғимаратының материалдық техникалық базасын нығайтуға 115,0 мың теңгеге қаржылай қолдау көрсетіп, екінші қабаттағы бірнеше бөлменің линолеум төсеніштері жаңартылды.
Ардақ Омарұлына жомарттық танытып, демеушілік жасағаны үшін Партия аудандық филиалы атынан рақмет айтып, шынайы алғысымызды білдіреміз.
Жомарттың жолы ашық дегендей, алдағы уақытта да партиялас әріптесімізге толағай табыстар тілейміз!
Әсел ҚУАНЫШ,
Мойынқұм ауданы