2024 жылдың 2 қыркүйек күні ҚР Президенті Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына өзінің дәстүрлі 6- шы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын жолдады.
Онда Парламенттің бір жылда атқарған жұмысына оң баға беріп, маңызды 102 заң қабылданғанын тілге тиек етті. Сонымен бірге алдағы уақыттарда атқарылуға тиісті жұмыстардың бағдарын көрсетті. Атап айтқанда:
банктер туралы жаңа заң қабылдау ;
салықтық әкімшілендіру ісінде жазалау тәсілінен бас тарту; 6 қазанда АЭС салу бойынша жалпыұлттық референдум өткізу;
2025 жылды- жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялау;
темір жол саласына реформа жүргізу;
жол жөндеу жұмысында инновациялық заманауи әдіс- тәсілдерді қолдану;
әлеуметтік қолдауды шын мәнінде мұқтаж адамдарға көрсету мақсатында «Әлеуметтік әмиян» жобасын енгізу;
2025 жылдан бастап аудан және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін тікелей сайлауға көшу;
Тазалық сақтамайтын «санасыздарды» заң бойынша жазалау;
әскер қатарында заң мен тәртіпті қатаң сақтау.
Ендігі біздің міндет Жолдауда көтерілген мәселелерді халық арасында түсіндіріп, насихаттау болып табылады.
Игілік ауылдық округінің әкімі