Жол жөндеу жұмыстарына қоғамдық бақылау жүргізілді

Тараз қаласы Дулати көшесіндегі жол жөндеу жұмыстары барысында тұрғындар тарапынан сапасыз жұмыс жүргізіліп жатқаны, яғни жолдың төменгі қабатына қоқыс салынып жатыр деген ақпарат келіп түскен. «Әділдік жолы» РҚБ Жамбыл облысы бойынша филиалының өкілдері мен Антикор еріктілері тарапынан мониторинг жүргізіліп, нәтижесінде қала әкімдігіне тиісті ұсыныс енгізу арқылы мердігер мекеме тарапынан жолды қазу барысындағы қоқыс және артық ірі тастар тазаланып алынып тасталды. Нәтижесінде жол салу барысында кемшіліктер жойылып, асфальттың астына арнайы шағал төселіп, жол жөндеу жұмысының барысы бақылауға алынды.
Comments (0)
Add Comment