Жол, газ, су: тұрғындар мәселесі депутаттардың назарында

Әр өңірдегі мәслихат депутаттары жергілікті тұрғындардың өтініші мен талап-тілегіне құлақ асыпмәселелерінің уақытылы шешілуіне атсалысып жатыр. Бұл үрдіс Шымкент қаласында да жалғасын тапты.

Шымкент қалалық мәслихатының депутаты«Уақыт» газетінің бас редакторы Талғат Балтабаев 32 мың тұрғыны бар «Қайнар бұлақ»саяжайы елді мекенінің 15 жылдан бері айтылып келе жатқан көгілдір отын мәселесіне дендеп кірісті. Халық қалаулысы алдымен тиісті құзырлы мекемелерге, мемлекеттік қаражаттан қаржы бөлдіру жөнінде депутаттық сауал жолдады. Бүгінде «Қайнар бұлақ» саяжайы елді мекенінде «Отау строй» мердігер мекемесі тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Шымкент қалалық мәслихатының депутаты«GraMad Retail» ЖШС бас директоры Айжан Наимбекова да тұрғындардың өтініш-тілегін назардан тыс қалдырған жоқ. Ол бірнеше шағын аудандағы ауыз су, жарық, газ және тағы да басқа мәселелердің жүзеге асырылу барысын бақылауына алды. Мәселен, «Асар-1» шағын ауданында тұратын азаматтардың басым көпшілігінің баспана бойынша құжаттары заңдастырылмаған. Депутат аталмыш мәселе бойынша тиісті құзырлы органдарға депутаттық сауал жолдап, қазіргі кезде құжаттардың 90 пайызының реттелуіне ықпал етті.

«Асар-2» шағын ауданы бойынша да инфрақұрылым мәселесі шешімін тапты. 2021 жылы аталмыш аудандағы 500 үй көгілдір отын мен ауыз суға қол жеткізе алмай жүрген.Тұрғындар жекеменшік электр қуатын тұтынып, артық шығынға батып келген. Бұл іске Айжан Наимбекова араласқаннан кейін аз уақытта табиғи газ бен таза ауыз суға қолжетімді болды. Сондай-ақ аудандағы 20 көшенің 8-іне асфальт төселді.

Депутат мектептердегі проблемаларды да назардан тыс қалдырмады. «Бозарық-1» және «Бозарық-2» шағын аудандарындағы №138 мектепте күтім мен қолдауды қажет ететін ерекше балаларға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында пандустар қойылдыОқу орнындағы пайдаланылмай тұрған жылыжай жұмысы қайта жанданды.

Бұған дейін «Қайнар бұлақ» саяжайынның тұрғындары жарықты  жекеменшік трансформатордан алып келді. Бұл тұрғындарды артық шығынға батырып қана қоймады. Жарықтың жиі сөнуі де олар үшін үлкен қолайсыздық тудырды.  Екі жыл бұрын бұл жақта сапалы жарықпен қамту мақсатында тиісті жұмыстар басталды. Бүгінде тозығы жеткен трансформаторлар ауыстырылып жатыр.

Шымкент қалалық мәслихатының депутаты«Корпорация «Headway incorporated» ЖШС директоры Нұрсұлтан Балабиев өз кезегінде «Тельман» тұрғын алабындағы көшелерді жарықпен қамтамасыз етуге жәрдемдесті. Сондай-ақ тұрғындар мен балалардың қауіпсіздігі үшін жол бойына автокөлік жылдамдығын азайтатын белдеулер орнатылды. Депутаттың аз қамтылған отбасыларға жиі қол ұшын созатынын да айта кеткен жөн«Самал», «Тельман» елді-мекендерінде әлеуметтік жағдайы төмен 50 жанұяға үйінің құжаттарын рәсімдеп беруге демеушілік жасады. 10 азаматтың жер және үй кұжаттарының мәселесінің оң шешілуіне ықпал етті.

Қорыта айтқанда, бүгінде аталған аймақта тұрғындардың қолайлы өмір сүруі үшін барлық жағдай жасалып, кезең-кезеңімен тиісті жұмыстар атқарылуда. Оған мәслихат депутаттарының қосып жатқан үлесі орасан зор.

https://turkystan.kz/article/226212-zhol-gaz-su-turgyndar-meselesi-deputattardyn-nazarynda/

Comments (0)
Add Comment