Жол ашылды

«Тараз қаласы Сыпатай батыр, Төле би, Тұрысов көшелерінің бойындағы М-1 жылу магистралін қайта жаңғырту» жұмыс жобасына сәйкес, қазіргі таңда ТК-131-ден ТК-126-ға дейінгі, ТК-121 ден ТК-124-ке дейінгі, сонымен қатар ТК-114 пен «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешені (Жамбыл даңғылы мен Желтоқсан көшесінің аралығы, Әйтиев көшесі мен Абай даңғылы аралығы, Байтасов көшесі мен «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешені аралығы) аралықтарындағы құрылыс-монтаждау жұмыстары толығымен аяқталып, асфальт жабындысы қалпына келтірілді.
Бүгінгі таңда аталған жол пайдалануға берілді.
Қалған учаскелер бойынша жол жабындысын қалпына келтіруге дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Тараз қаласының әкімдігі
Comments (0)
Add Comment