Kris_p_almaty арнасы патрульдік көлікте облысқа танымал полицей – 11 баланың әкесі Ғалым Арыстанбаев болғанын жазды. Балаларының сегізі асырап алынған.
Ғалым Арыстанбаевтың жұбайы Әлия Көбегенованың мамандығы мұғалім, қазір үйде бала тәрбиелеп отыр. Әзербайжан, татар, қытай, өзбек, орыс, ұйғыр өсіп жатқан көп ұлтты отбасында бәрі қазақ тілінде араласады екен. 5 ұл, 6 қыз тәрбиелеп өсірген Арыстанбаевтар отбасы «Мерейлі отбасы» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы және республикалық кезеңнің финалисті атанды.
Сонымен қатар Арыстанбаев «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» жобасының қатысушысы болды.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Skoda Octavia патрульдік көлігі, екі полиция қызметкері оқиға орнында қаза тапты. Олар: Жүргізуші Әбішкен Абылайхан Саутұлы, 05.08.1992 жылы туған, ал жолаушы Арыстанбаев Ғалым Қазбекұлы, 25.04.1978 жылы өмірге келген. ⠀
Айта кетейік, Toyota Alphard автокөлігіндегі 4 жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Тағы 4 адам Мерке аудандық орталық аудандық ауруханасына жатқызылды.⠀
- Жолаушы Иззатуллаева Гүлчехра Икматуллақызы, 06.05.1993 ж.т., Астана қаласында тұратын. Оқиға орнында қайтыс болды.
- Жүргізуші Исмаилов А.Ш. «Тізе буынының ашық сынығы» аудандық орталық ауруханаға жатқызылды.
- Жолаушы Тожибаева Шахиста Камилханқызы, 02.07.1993 ж.т., тірі. Ол ауру тарихы бойынша «Оң жақта иық буынының жабық сынуы» аудандық орталық ауруханаға жатқызылды.
- Жолаушы Хажиев Шахид Мухиддинқызы, 06.04.1996 ж.т., тұрғылықты жері: Түркістан қ., аудандық орталық ауруханада бақылауда тұр.
- Кәмелетке толмаған жолаушы Хажиева Шахризода, 13.02.2023 ж.т., тұрғылықты жері: Түркістан қ., аудандық орталық ауруханада бақылауда жатыр.
Басқа зардап шеккен 3 адамның жеке мәліметтері анықталған жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Меркі-Шу-Бурылбайтал тас жолында болған жол апатынан алты адам қаза тапты, оның ішінде екі патруль болғанын жаздық. Тойота Альфард жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, полицияның «Skoda Octavia» патрульдік көлігімен соқтығысқан.
https://stan.kz/zhol-apatinan-11-balasi-bar-kazakstandik-policey-mert-b-404936/