Жол апатын әйелдер көбірек жасай ма, әлде ерлер ме – Ғалымдар статистика жасады

Баяндама авторларының айтуынша, әйелдер ерлерге қарағанда көлікті нашар жүргізеді деген пікір жай стереотип. Яғни көпшілігі әйелдер стресске түсуге бейім, реакциясы жай, сондықтан жол-көлік оқиғасына жол береді деп ойлайды.

Осы пікірдің рас-өтірігін тексеру үшін мамандар 2010-2022 жылдар аралығындағы жол қозғалысы ережелерін бұзу бойынша 160 мыңға жуық сот шешімін талдады.

“Істердің 90%-дан астамында жауапкер ер адам болды. Біз сондай-ақ екі жыныстағы жүргізушілердің (тиісінше 68% және 22% әйелдер) үлесіндегі айырмашылықты ескере отырып, жол апаты жиілігін есептедік. Қылмыстық іс қозғауға әкеп соғатын жол-көлік оқиғаларына ер адамдар 3,25 есе жиі ұшырайтыны белгілі болды», – делінген мақалада.

Ғалымдардың айтуынша, ер адамдар көлікті жоғары жылдамдықпен жүргізеді. Орташа алғанда, олар әйелдерге қарағанда тәулігіне 26% көп шақырым жүреді, бірақ рөлде тек 10% уақыт көбірек өткізеді.

Сонымен қатар ер адамдар әйелдерге қарағанда көлікті мас күйінде екі есе көп жүргізеді. Қылмыстық істердің 25%-да ер көлік жүргізушілер мас күйінде көлік жүргізді деп айыпталған. Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін сотталған әйелдер арасында бұл көрсеткіш – 10%.

Зардап шеккендердің өліміне немесе ауыр жарақатына әкелетін жол-көлік оқиғаларының 75%-ы ер адамдардың қатысуымен болған. Сондай-ақ мұндай істердің үштен екісінде оларға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады.

https://stan.kz/zhol-apatin-ayelder-kobirek-zhasay-ma-alde-erler-me-gal-406296/

Comments (0)
Add Comment