Жобаның бес бағыты да тиімді

Аудан әкімі Бегзат Болатбеков Қарасу ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізді. Ондағы негізгі мақсат — «Ауыл аманаты» жобасы бойынша туындап отырған сұрақтарға жауап беру және түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
2022-2023 жылдары Қарасу ауылдық округінде «Ауыл аманаты» жобасын іске асырылуда. Онда жалпысы 537,9 млн. теңгеге ауыл тұрғындарын 2,5%-бен несиелендіру жоспарланған. Қазір жұмыс қарқын алған. Дей тұрғанымен де тұрғындар тарпынан әлі де кейбір мәселелер бойынша сұрақтар түсуде. Бегзат Сейсенқұлұлы әр мәселеге назар аударып, аталмыш жобаны округте сәтті орындау үшін бірқатар жауаптыларға тапсырмалар берді. Олардың қатарында құжаттарды рәсімдеуге көмек көрсету, шоттар және шоттағы ақшаны дұрыс пайдалану бойынша да әңгіме өрбіді. Сондай-ақ, үй құжаттарын рәсімдеу бойынша да жұмыстарды жеделдету қажетілігі айтылды.
Жалпы бес бағыттан тұратын «Ауыл аманаты» жобасына Қарасу ауылдық округі бойныша: Бірінші бағыт — үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалануға 540 000 теңге, екінші бағыт — мал шаруашылығына 450 млн 200 мың. теңге, үшінші бағыт — ауыл сыртындағы жерлерді тиімді пайдалануға 6 230 400 теңге, төртінші бағыт — кооперативтерді жабдықтауға техника алуға 56 млн. теңге және бесінші бағыт өз кәсібін ашуға 25 млн. теңге қарастырылған.
Кездесу барысында жобаның әр бағыты бойныша тағы бір мәрте түсініктеме беріліп, өзге де ауыл жайына қатысты сұрақтарға жауаптар айтылды. Кейбір мәселелер аудан басшысының жеке бақылауына алынды.

 

Қордай ауданының әкімдігі

Comments (0)
Add Comment