«Жезкиік» республикалық қобызшылар байқауы өз мәресіне жетті

Бүгін атақты қобызшы, әлемдік музыкада өзіндік орны бар ұлы тұлға Ықылас Дүкенұлының туғанына 180 жыл толуына орай, Саудакент ауылында өткен «Жезкиік» республикалық қобызшылар байқауы өз мәресіне жетті.
Байқауға еліміздің 5 облысынан 11 қобызшы қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша 2 үміткер ынталандыру орнына, 3 үміткер үшінші орынға, 3 үміткер екінші орынға және 2 үміткер 1 орынға ие болды.
Жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табыс етілді.
Бас жүлдені Атыраудан келген жас қобызшы Аятолла Тұрғанов жеңіп алды.
Бас жүлдеге ие болған Аятолла Тұрғановқа марапатты Қазақстанның Еңбек Ері, даңқы композитор Илья Жақанов пен Сарысу ауданының әкімі Сәкен Мамытов табыстады.
Сонымен қатар аудан әкімі Сәкен Үмбетұлы ауданда өткен республикалық қобызшылар байқауының әділқазылар алқасының мүшелері, еліміздің ұлттық аспапты музыкасының көрнекті өкілдеріне ризашылығын білдіріп, Алғыс хаттар мен сый-сыяпаттар табыс етті.

 

Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Comments (0)
Add Comment