Желіде блогер Темірлан Тоспаев Майлыбек атты итінің туған күн кешін өткізген видеосы тарады. Иттің туған күні этностильде өткен. Блогер қайырымдылық кешіне қазақтың ұлттық киімін киген қыздарды шақырып, қонақтардың көңілін көтерген. Кешке жиналған қонақтар 670 мың теңге ақша жинаған екен. Темірлан Тоспаев ол қаржыны иесі жоқ жануарларды қолдауға жіберемін дейді.
Блогер ұйымдастырған кеш көпшілікке ұнамады. «Қазақтарға не болған. Жетімдерге жәрдем берсең болмай ма? Осы ит тойды түсінетіндей, сонша ақшаны ысырап қылғанша мәжбүр жандарға сауап қылғаның жақсы болар еді. Менің туған күнім былай өтпеген ғой. Майлыбектің тақиясы мен бешпеті күшті екен. Адамның туған күнінен артық тойлап өтіпті», — деп жазған желі қолданушылары.
https://jasqazaq.kz/zhetken-zherimiz-osy-bloger-itinin-tojyn-etnostilde-otkizdi-video/?fbclid=IwY2xjawG0W9ZleHRuA2FlbQIxMQABHZnNbsx7Z_iwWB4t0ZYGeSvlnmjz9Ic5hFGqZSUFIvPu8B33LezdL2dMnw_aem_Vp29q1Hlkj9Euj-m8DqmrA