Жетісу облысының тұрғыны көршісін ұрып-соққан: әйел ауруханада көз жұмды

Жетісу облысында мас тұрғын көршісін ұрып-соққан. Ауыр жарақат салдарынан әйел ауруханада көз жұмды

Ер адам қамауға алынды. Оқиға Қаратал ауданында болған.

«19 қыркүйекке қараған түні Жаңаталап ауылының 30 жастағы тұрғыны көптеген дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды. Алған ауыр жарақат салдарынан әйел келесі күні ес жимастан көз жұмды», – делінген Polisia.kz сайтының хабарламасында.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары жәбірленушінің 43 жастағы ауылдасын ұстады.

«Ер адам көрші үйде тұрған және оның алыс туысы болып келеді. Олардың арасында жанжал туындап, мас ер адам әйелді соққыға жыққан. Қазір ұсталған адам қамауға алынды», – делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

https://turkystan.kz/article/233791-zhetisu-oblysyny-t-r-yny-k-rshisin-ryp-so-an-yel-auruhanada-k-z-zh-mdy

Comments (0)
Add Comment