Жетісу облысында полиция қызметкері 5 жылға сотталды

Текелі қаласының учаскелік полиция инспекторы 2017 жылы наурызда бір топ адаммен бірге ұрлыққа қатысы бар 24 миллион теңге көлеміндегі заттай дәлелдерді ұрлаған.

Қылмыс жасағаннан кейін полиция қызметкері 7 жыл бойы халықаралық іздеуде болды. Оның сыбайластары әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сот полиция қызметкерін 5 жыл 6 айға соттады. Үкім күшіне енді.

turkystan.kz

Comments (0)
Add Comment