ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жетісу облысы Ақсу аудандық сотының төрағасы Нұрлан Шаймерденовке қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
«Антикор Жетісу облысы Ақсу аудандық сотының төрағасына қатысты сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікпен тергеу басталғанын растайды», — делінген хабарламада.
Тергеу жалғасып жатыр.
ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы бойынша өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.
Фото аудандық сот
https://massaget.kz/news/jetsu-oblyisyi-aksu-audandyik-sotyi-toragasyinyin-ustnen-125111/