Жерлестері Ниязқұловтар әулетін салтанатпен қарсы алды

Т. Рысқұлов ауданының жұртшылығы республикалық «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары атанған Ниязқұловтар отбасын күтіп алды. Ұстаздардан құралған Ниязқұловтар отбасынан 12 ұл-қыз, 34 немере, 20 шөбере таралған.

Естеріңізге сала кетейік, жеңімпаз отбасылар 31 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында өткен sms/интернет дауыс беру нәтижесінде анықталды. Әулет отағасы Үмен Ниязқұлов (83 жаста) 40 жылдан астам уақыт ауыл мектебінде мұғалім, директор қызметтерін атқарған. Зайыбы Баян Ниязқұлова (80 жаста) 26 жыл бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеген. Аға буынның педагогикалық қызметін балалары мен немерелері жалғастыруда. Әулеттің 3 буынының жалпы педагогикалық өтілі — 198 жыл.

Comments (0)
Add Comment