ЖЕРЛЕСТЕРІ ЧЕМПИОНДАРЫМЕН МАҚТАНАДЫ

Ел қашан да чемпиондарымен мақтанады. Түркістан ауылдық округінің тұрғындары жуырда Үндістан елінде өткен қол күрестен Азия чемпионатында жұлдызы жанып чемпион атанған Гүлнәр Алиева мен Қарлығаш Елдосқызын ерекше құрметпен күтіп алды.
Ауылдың кіреберісінен әжелер қауымы шашу шашса, жалынды жастар Мемлекеттік Тумен чемпиондық дәліз жасап, рухты ұранды сөздерін айтты. Аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетов қос аруды жеңістерімен құттықтап, ауыл әкімінің атынан арнайы сый-сияпат табыстады. Осындай чемпион қыздарды баптағаны үшін жаттықтырушысы Бақытсерік Қалымбаевқа алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.
Сондай — ақ, талабы таудай Тоғызкент ауылдық округінің жұртшылығы да аталмыш жарыста күміс жүлде иеленген Ләззат Айтжанды зор ықыласпен қарсы алды. Ауыл әкімі Медет Күзембаев спортшыны жеңісімен құттықтап, табыс тіледі. Сондай — ақ, жаттықтырушысы Ержан Қалмахановқа ризашылығын білдіріп, сый-сияпат жасады.
Ауыл тұрғындары мен белсенді жастар өздерінің ыстық ықыласқа толы лебіздерін білдіріп, әндетіп-думандатып шараның көркін қыздырды.
и ещё 7
Все реакции:

26Сраил Несипбеков, Sarysu Audandyk Karji Bolimi и ещё 24

Comments (0)
Add Comment