Тараз қаласы тұрғындарының өтініші орындалды. Сәтбаев көшесінде орналасқан жерасты өткелі жөнделіп, пайдалануға берілді.
«Жасыл ел — Тараз» мекемесі екі аптаның ішінде ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстарын толық аяқтады. Сондай-ақ тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өткелге жарық шамдары, қоршаулар мен жедел операциялар орталығына қосылған бейне бақылау камералары орнатылды.
Мамандар тұрғындарға жайлы жағдай жасауды да назардан тыс қалдырмаған. Жерасты өткелінің ішінде 2 орындық пен ақпараттық тақта орнатылған. Айналасы да абаттандырылды.
Енді осы аумақтың тұрғындары, әсіресе Тараз өңірлік университетінің студенттере еш алаңдамай жерасты өткелін пайдалана алады.