Бүгін облыс әкімі Нұржан Молдиярұлы Нұржігітовтың бастамасы бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен құрылған “Жамбыл облысы Меркі ауданы бойынша жер қатынастары саласындағы мәселелерді шешу жөніндегі” жұмыс тобы Меркі ауданында кездесу өткізді.
Кездесу барысында Ақермен, Сұрат, Кеңес және т.б. ауылдардың тұрғындары өздерінің қордаланып қалған өзекті мәселелерін жеткізді.
Сұрақтарды ҚР Бас прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің прокуроры, Жер ресурстарын басқару комитеті басшысы, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің жедел департаментінің 3-ші жедел басқармасы басшысының орынбасары, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің бас сарапшысы өздеріне белгілеп алды.