Жер қатынастарын реттеудегі жұмыстар жүйеленеді

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған болатын. Осыған орай жаңа Заң аясында бірқатар жұмыстар қолға алынбақ.

Жалпы, елімізде мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:
— көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез-келген өзге жағдаяттар бойынша қандайда бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
— мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөз бұйдалық көріністеріне жол бермеу;
— мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;
— мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасымен қолжетімділігі;
— мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;
— мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.
Бұл міндетті еңсеру үшін Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын әзірлеу тапсырылды.
Бұл шара өз кезегінде Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісін мейлінше оңтайландыруды, құжаттарды қараудың мерзімі мен тізбесін қысқартуды, қайталанатын рәсімдерді жоюды және адамның өзінің баруын қажетсінбейтін ақпараттық мәліметтерді толық электрондық форматқа көшіруді көздейді.
Сонымен қатар, халыққа қөрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру – жемқорлыққа қарсы әрекеттік және мемлекеттік органдардың қызметіне азаматтардың сенімділігін арттырудың басты аспектісі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, иновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а 2020 жылғы 31 қаңтардағы «мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» №39 /НҚ бұйрығына сәйкес бүгінге күнде облыстық, қалалық және аудандық атқарушы органдармен, ауылдық округтер және кенттердің әкімдерімен жер қатынастары саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің саны 10-ды құрайды:
Атап айтқанда: «Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру», «Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру», «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау», «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру», «Жер учаскесін жекеменшікке бірден төлеп немесе бөліп төлеуге сату», «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою»
ҚР АШМ –нің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидалар бекітілген.
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін қызметті қызмет берушінің кеңсесінде, www.elicense.kz, www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы және жергілікті атқарушы органдар арқылы алуға болады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы департаменті мен Басқарма арасында бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес «Дөңгелек стөлдер» ұйымдастырылып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндіктері кеңінен пайдалануда.
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерінің сапасын арттыру және атқарушылық тәртіптің деңгейін көтеру күнделікті бақылауда.

Comments (0)
Add Comment