ЖЕР АСТЫНДАҒЫ ЖЫЛЫЖАЙ

Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы «Ауыл аманаты» жобасы бойынша Айшабибі ауылының тұрғыны Диар Бекислам ерекше кәсібін көріп, талап-тілегін тыңдады. Кәсіпкер облыста алғашқылардың бірі болып, жер астынан жылыжай соғып, 6 соттық жерге әсем гүлдер екті
Мұнда газания, петуния, бархат, лалагүл сынды гүлдердің сан алуан түрі бар. Оларды 2-3 ай баптап, өсірген кәсіпкер алдағы уақытта алғашқы өнімдерін сатқан.
Кәсіпкер өз кезегінде бұл саладан көп тәжіриье жинағанын, жерасты жылыжай жайлы көп мағлұматтар алғанын атап өтіп, өткеру кезінде кедергілерге тап болғанын айтып өтті.
Аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы кәсіпке шын ниетпен кірісккен жан олжасыз қалмайтынын, жылыжай мүмкіншілігі туралы басқа да азаматтармен тәжірибе алмасып, осы тәсілді кеңінен өңірге енгізу бойынша жұмыстар жүргізуді тиісті бөлім басшыларына табыстады.
Аудан басшысы кәсіп иесіне гүлдерді өткеру бойынша бірақтар ұсыныстар айтып, көмек көрсететінін атап өтті.
Жамбыл аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Бауыржан Тоқтасыновтың мәліметінше, «Ауыл аманаты» жобасы 2019-2023 жылдары аралығында ауданға қарасты 6 ауылдық округте жүзеге асса, 2024 жылдан бастап, кез келген ауыл тұрғыны 2,5 пайызбен несие алып кәсіп ашуға мүмкіндіктері бар. Соңғы екі жылда 106 жоба ұсынылды. Оның 32-сі ауыл шаруашылығы, 72-сі кәсіпкерлік бағытында. Жоба аясында ауданда ауласында ашылған жылыжай кешендерінің саны артқан. Сонымен қатар тігін цехы, сұлулық салоны, жиһаз цехы, тіс емханасы және басқа бағыттағы жобаларға несиелер берілген.
Comments (0)
Add Comment